2026 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары Мээримбек Койчуманов STMP Group халықаралық инженерлік-инвестициялық компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесудің барысында тараптар энергетика және өнеркәсіп салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықтың болашағын, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, энергетикалық объектілерді модернизациялау және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
STMP Group компаниясының өкілдері өз қызметінің негізгі бағыттарын, оның ішінде жобалау, құрылыс, жабдықтарды жеткізу және қаржыландыруды тартуды қамтитын EPC және EPC+F форматтарындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесудің нәтижесінде тараптар одан әрі өзара ынтымақтастыққа және болашақ бағыттар бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуге қызығушылық танытатындықтарын білдірді.





