Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров PIOLINK компаниясының Президенті Ян Чхоль Чо мен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сандық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты кеңейтудің болашағын талқылады.
Бүгінгі күні сандық инфрақұрылым елдің инвестициялық тартымдылығының маңызды бөлігі болып табылады. Біз үшін алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді енгізумен ғана шектелмей, сандық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктерді құру да маңызды. PIOLINK-пен ынтымақтастық технологиялық базаны нығайтуға және Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді деп сенеміз.
— Равшанбек Сабиров
Тараптар Қазақстан Республикасында сандық трансформация саласындағы өзара әрекеттесудің және заманауи технологиялық шешімдерді енгізудің мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік пен PIOLINK компаниясының арасында сандық инфрақұрылым және киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.





