Корея Республикасына болған жұмыс сапарының аясында Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Сеул қаласында Hana Financial Group-тың бас директоры Хам Ён-джу және iM Financial Group-тың бас директоры Хван Бён У-мен кездесті. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, қаржы секторын санариптештіру, сондай-ақ заманауи қаржылық технологияларды енгізу және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. «Қазақстан Корея Республикасының алдыңғы қатарлы қаржылық институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытады. Біз заманауи санариптік шешімдерді енгізуге, инвестиция тартуға және елдің қаржы секторын және экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін бірлескен жобаларды іске асыруға ашықпыз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров. Кездесудің нәтижесінде тараптар қаржы секторын санариптештіру саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат өзара әрекеттесуді дамыту, тәжірибе алмасуды және санариптік қаржылық технологиялар саласында бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуді қарастырады. Тараптар санариптік қаржылық инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және өзара пайдалы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2026 ж. 17 қыркүйек, 05:142 мин оқу
Қазақстан және Hana Financial Group, iM Financial Group қаржы секторын санариптештіру мәселелерін талқылады
Корея Республикасына болған жұмыс сапарының аясында Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Сеул қаласында Hana Financial Group-тың бас директоры Хам Ён-джу және iM Financial Group-тың бас директоры Хван Бён У-мен кездесті.







