Бүгін, 7-қазанда, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Әзербайжанның Portofino Development компаниясының негізін қалаушы Кянан Джалиловпен кездесті.
Тараптар Қазақстан Республикасындағы болашақ инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрылыс және қалалық инфрақұрылымды дамыту бағыттарын талқылады.
Кянан Джалилов Әзербайжанда осындай жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, бұл әдісті Қазақстанның жағдайында қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға жағдайлар рет-ретімен құрылуда. Біздің міндет - инвесторлар үшін түсінікті ережелер мен қолжетімді қолдау құралдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсету.
— Равшанбек Сабиров
Ұлттық агенттіктің басшысы инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданылып жатқан шаралары, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардағы (АЭА) мүмкіндіктер мен преференциялар, салықтық және басқа да ынталандырулар, сондай-ақ IT-секторын дамыту үшін құрылып жатқан жағдайлар туралы ақпараттармен бөлісті.
Равшанбек Сабиров сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Венчурлық қаржыландыру туралы» Заңы стартаптарды және инновациялық компанияларды дамытуға, жеке капиталды болашақ жобаларға тартуға жасап жатқан мүмкіндіктерді атап өтті.
Кянан Джалилов Қазақстан Республикасында, оның ішінде «Асман» экологиялық қаласын дамытуға байланысты жобаларды іске асыруға қызығушылық танытатынын мәлімдеді.
Кездесудің нәтижесінде тараптар консультацияларды жалғастырып, ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын кеңінен дамытуға келісім жасасты.







