Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Индияның IANS ақпарат агенттігіне сұхбат берді.
Сұхбатта ол Қазақстанның инвестициялық климаты, экономиканың дамуы, инвестицияларды тарту және бизнес үшін қолайлы жағдайларды жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сондай-ақ елдің даму болашағы және шетелдік инвесторлар үшін ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерге тоқталды.





