2026 жылдың 20 тамызында Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттікте Ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары М.Н. Койчумановтың жетекшілігімен Juventus Academy Kyrgyzstan инвестициялық жобасын іске асыру мәселесі бойынша жиын өтті.
Жоба Алматы қаласында балалар-жасөспірімдер футбол орталығын және Ыстықкөл облысында халықаралық оқу-жаттығу кешенін құруды қарастырады. Алматы қаласында көлемі 3–5 га болатын жер учаскесіне футбол алаңдарын, жабық манежді және 250–400 оқушыға арналған білім беру мектебін қамтитын спорттық-білім беру кешенін орналастыру жоспарлануда.
Жиында жер учаскесін таңдау, жобаны іске асыру механизмін анықтау және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара әрекеттесу мәселелері қаралды.
Жобаны іске асыру балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, жас спортшыларды даярлауға және отандық жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.





