Бүгін, 16-қазанда, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары Мээримбек Койчуманов Eurasia Critical Minerals Organisation ұйымының бас директоры Рос Ланд және Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдерімен кездесті.
Кездесуде тараптар критикалық минералдар саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағыттарын, шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының минералдық- шикізат базасын игеру және дамыту саласындағы потенциалын талқылады.
Мээримбек Койчуманов елдің инвестициялық мүмкіндіктері, саланы дамытудың болашағы және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жасалған шарттар туралы ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ тараптар халықаралық серіктестермен өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын қарастырды.
Кездесудің қатысушылары мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және потенциалды инвесторлардың арасындағы конструктивті диалогтың маңызын атап өтті. Халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді енгізу салада дамуға, оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және тұрақты экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Нәтижесінде тараптар диалогты жалғастыруға, ынтымақтастықтың болашағын одан әрі зерттеуге және критикалық минералдар саласында өзара пайдалы бастамаларды және инвестициялық жобаларды әзірлеуге қызығушылық танытатындарын білдірді.






