Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары Дамирбек Бикулов Әзербайжанның GEO TOTAL компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуге тиісті министрліктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.
Іс-шараның барысында компания тарапынан көлік және қалалық инфрақұрылым объектілерін жобалауда, құрылыс жүргізуде және мониторинг жасауға қолданылатын геодезия, геоақпараттық жүйелер (ГИС), сандық картография, лазерлік сканерлеу (LiDAR), ұшқышсыз технологиялар және жасанды интеллект саласындағы заманауи инженерлік және сандық шешімдер ұсынылды.
Қатысушыларға инженерлік зерттеулерді жүргізуде, аймақтардың сандық модельдерін құруда, жер ресурстарын басқаруда, сандық кадастрды жүргізуде және инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуде сандық технологияларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Кездесудің нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық жобаларына заманауи сандық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға қызығушылық танытатындарын білдірді.





