Қазақстан мен Өзбекстан еркін экономикалық және өнеркәсіптік зоналар бағытында ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров пен Ташкент қаласының Өнеркәсіп зоналарын басқару дирекциясының директоры Икромжон Усманов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Документ еркін экономикалық және өнеркәсіптік зоналарды құру және басқару саласындағы серіктестікті дамытуға, тәжірибе және үздік практикаларды алмасуға, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша бірлескен жұмысты жүргізуге бағытталған.
Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, инвестициялық мүмкіндіктер және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпарат алмасуға, сондай-ақ бизнес-форумдарды, кәсіпкерлік миссияларды және басқа бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге келісім жасасты.
Ынтымақтастықтың аясында Қазақстан мен Өзбекстанның еркін экономикалық зоналарының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және инвесторларының арасында тікелей байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылады.






