Бүгін, 10-шілдеде, Қазақстан Республикасына қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттік және «Alvarez & Marsal Kazakhstan» (Қазақстан Республикасы) Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты Ұлттық агенттік пен «Alvarez & Marsal Kazakhstan» компаниясының арасында серіктестік қатынастарды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының тау-кен саласына, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар минералдық ресурстарды игеру, өндіру және қайта өңдеу бойынша жобаларға АҚШ-тан, Еуропа Одағына мүше мемлекеттерден, Жапониядан және басқа елдерден ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту мақсатында тиімді, өзара пайдалы және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталатындығы.
Меморандумға қол қою халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде және шетелдік серіктестер тарапынан тау-кен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруда маңызды қадам болып табылады.



