Бүгін, 28-майда, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров қытайлық Ivan Xu инвестициялық-технологиялық компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесудің барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың келешекті бағыттарын және Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Қазақстанның инвестициялық потенциалы, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартудың артықшылықты бағыттары, оның ішінде сандық инфрақұрылым, энергетика, өнеркәсіп, логистика және экологиялық тұрақты жобалар ұсынылды.
«Қазақстан инвестицияларды тарту және жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы шарттарды қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізуде. Біз заманауи сандық шешімдерге инвестиция салуға және еліміздің инвестициялық потенциалын дамытуға қатысуға дайын стратегиялық серіктестермен ынтымақтастыққа қызықтармыз»
— Равшанбек Сабиров
Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстандағы стратегиялық урбанистикалық жоба ретінде қаралып жатқан экологиялық таза Асман қаласында заманауи дата-орталықтарды салу жобасын іске асыру перспективаларына тоқталып, Ivan Xu компаниясының өкілдері аталған бастаманы одан әрі ілгерілетуге қызықтар екенін білдірді.




