Бүгін, 25-қарашада Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Гонконгтың GUOSEN SECURITIES (HK) FINANCIAL HOLDINGS COMPANY, LIMITED қаржы компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстан Республикасына халықаралық капиталды тартуға, сондай-ақ болашақ инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін заманауи қаржылық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған.
Қол қойылған меморандумның аясында тараптар Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру және қаржыландыру қаражаттарын тарту механизмдерін бірлесіп әзірлеуді көздеуде.




