Бүгін, 3 қарашада, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров және Ganfeng Lithium Group Co., Ltd. компаниясының вице-президенті Чжу Тяньлун өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Документ инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, заманауи технологияларды енгізу және Қазақстан Республикасының аумағында болашағы бар жобаларды іске асыру бағыттарында өзара әрекеттесуді кеңейтуге бағытталған.
«Қазақстан үшін ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты дамыту маңызды. Біз заманауи технологияларды енгізуге, тәжірибе алмасуға және экономиканың секторларын дамытуға, елдің инвестициялық потенциалын нығайтуға ықпал ететін бастамаларды бірлесіп әзірлеуге ашықпыз»
— Равшанбек Сабиров
Меморандумның аясында тараптар өзара әрекеттесуді дамытуға, ақпарат алмасуға және болашағы бар инвестициялық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін бірлесіп қарастыруды білдірді.




