Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттікте 23-қыркүйек - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл күніне арналған «Тіл - ұлттық құндылық, инвестиция - жарқын болашақ» атты іс-шара өтті.
Іс-шарада қазақ тілінің тарихы және даму жолы, оның ұлттық мәдениеттегі орны туралы мәліметтер беріліп, мемлекеттік тілді қызметтік және кәсіби салада дұрыс, сауатты қолдану мәселелері көтерілді.
Ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров мемлекеттік тілді дамыту оны күнделікті өмірде ғана емес, кәсіби және іскерлік салада кеңінен қолдануымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Тіл - халқымыздың тарихын, мәдениетін және құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін баға жетпес мұрасы. Мемлекеттік тілді дамыту оны қоғамдық өмірдің барлық саласында, оның ішінде іскерлік және кәсіби салада кеңінен қолдану арқылы нығайтылады. Біз инвестициялық бағытта жұмыс істейтін мекеме ретінде қазақ тілінде сапалы және сауатты жұмыс жүргізуге, елдің инвестициялық мүмкіндіктерін мемлекеттік тілде кеңінен танытуға өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Тілді құрметтеу - ұлттық құндылықты сақтау, ал оның дамуына үлес қосу - болашаққа қосқан үлес.
— Равшанбек Сабиров
Іс-шараның мәдени-ағартушылық бөлімінде қызметкерлер қазақ тілінің даму кезеңдері және бай ауызша-поэтикалық мұрасы туралы мәліметтермен танысып, қазақ әдебиетінен өлең жолдарын оқып, жаңылтпаштарды айтып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу бойынша интерактивті ойынға қатысты.
Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік тілді қызметтік жұмыста дұрыс қолдану, іс қағаздарын сауатты жүргізу және қазақ тілінің кәсіби салада кеңінен қолданылуына әрбір қызметкер өз үлесін қосуы керек екендігі айтылды.














