Қазақстан «Boosting Exports through FDI in Central Asia» халықаралық бастамасының аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тартуға арналған аймақтық сессияда елдің инвестициялық потенциалын таныстырды.
Бастама Халықаралық ислам сауда-қаржы корпорациясы (ITFC) тарапынан БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCAP) мен бірлесе, Trade Connect Central Asia+ (TCCA+) бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары Дамирбек Бикулов қатысып, елдің инвестициялық потенциалы бойынша презентация жасады.
Орталық Азия халықаралық инвестициялар үшін болашағы зор аймақ ретінде позициясын бекемдеп бара жатқаны атап өтілді. Аймаққа бағытталған жарияланған greenfield-инвестициялардың көлемі 2022 жылғы 12 млрд АҚШ долларынан 2025 жылы 27 млрд АҚШ долларынан асты.
Дамирбек Бикулов Қазақстан үшін энергетика, қайта жаңартылатын энергия көздері, өнеркәсіп, транспорт және логистика, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, туризм, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар сияқты салалардың инвестиция тарту жөніндегі болашағын атап өтті.
Қатысушылар аймақтық құн тізбектерін дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, шекаралық инфрақұрылымды нығайту және инвесторлардың Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығуын кеңейту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі келісілген аймақтық әдісті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл әдіс инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және Орталық Азияның халықаралық құн тізбектеріндегі рөлін арттыруға бағытталады.



