Бүгін, 3-августта, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Xinhua Panfeng Holdings Hong Kong Limited компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Гонконгтың арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін талқылады.
«Инвестициялар бойынша ұлттық агенттік халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді және инвестицияларды тартуға, сондай-ақ өзара пайдалы жобаларды іске асыруға бағытталған бастамаларды қарауға әрдайым ашық»
— Равшанбек Сабиров
Компанияның өкілдері бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және Гонконгтың қаржылық институттарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстар айтты.
Сондай-ақ өнеркәсіп, инфрақұрылым, жаңартылатын энергетика, логистика және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударылды.
Кездесудің нәтижесінде тараптар диалогты жалғастыруға қызығушылық танытып, ұсынылған бастамаларды одан әрі бірлесіп әзірлеу туралы келісімге келді.




