Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары Мейірімбек Койчуманов Индонезия Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммад Анис Маттамен кездесті.
Кездесу барысында қазақ тарап Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалын таныстырып, елде жүргізіліп жатқан реформалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау механизмдері және бірлескен жобаларды іске асырудың артықшылықты бағыттары туралы ақпараттармен бөлісті.
Тараптар тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, исламдық қаржыландыру, халал индустриясы, цифрлық экономика және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, екі елдің кәсіпкерлік орталықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және инвестициялық саясатты іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Индонезияның арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытатынын растап, экономикалық серіктестікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.




