Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттік Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің өкілдерінің қатысуымен ШЫҰ-ның 2026 жылдың 24-25 маусымында Алматы қаласында өтетін Инвестициялық бизнес-форумына дайындық жасау аясында сараптамалық видеоконференция өткізді.
Жиын барысында қатысушылар алдағы Форумға дайындықтың қазіргі кезеңін, ресми және бизнес-делегациялардың қатысуын, қатысушылардың құрамын қалыптастыруды, сондай-ақ іс-шараны өткізудің ұйымдастыру және протоколдық мәселелерін талқылады.
Ерекше назар ШЫҰ-ның Инвестициялық бизнес-форумының бірлескен резолюциясының жобасына аударылды. Мемлекеттердің өкілдері құжаттың мазмұны бойынша ұсыныс-пікірлерін айтып, Ұйым аясында инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті.
Қазақстан тарапы қатысушыларға Форумға дайындық барысы туралы мәліметтермен бөлісіп, алдағы іс-шаралардың бағдарламасын, панельдік сессиялардың тақырыптарын және бизнес бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Видеоконференцияның қорытындысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері іс-шараға қатысуға дайын екендіктерін растады, Форумның ресми бағдарламасының аясында бірлескен резолюцияға қол қоюды қолдады.
ШЫҰ-ның Инвестициялық бизнес-форумы мемлекеттердің өкілдері, инвесторлар, бизнес-қоғам және даму институттары арасындағы диалог үшін алаң болып, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инвестициялық бастамаларды іске асыруға бағытталады.
Форум аясында өткізілетін панельдік сессиялар
- Цифрлық экономика, жасанды интеллект және электрондық сауда: цифрлық байланыстылыққа инвестициялар
- Жасыл трансформация және цифрлық егемендік: ШЫҰ елдерінің жаңа индустриализациясы
- Денсаулық сақтау, фармацевтика саласы және медициналық туризм: инвестициялар, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының төрағалығының аясында Алматы қаласында ШЫҰ-ның Инвестициялық бизнес-форумын өткізу бизнес байланыстарды нығайтуға, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға және қатысушы мемлекеттердің арасында бірлескен жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді құруға бағытталған.

