Барселонада БМУЭК (UNECE) ұйымдастырған Мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 10-Халықаралық форум өтуде. Форумның мақсаты — МЖС механизмдерін жетілдіру, инновациялық қаржыландыру модельдерін енгізу және Тұрақты даму мақсаттарына жетуде мемлекеттік және жеке секторлардың ынтымақтастығын нығайту.
Қазақстан Республикасы бұл форумда мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерімен ұсынылуда.
Агенттіктің басшысының орынбасары Ж. Жээналиев гендерлік теңдік және инклюзивті даму мәселелеріне арналған пленарлық сессияда сөз сөйледі. Ол әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, инвестициялық саясатта теңдік принциптерін жүзеге асыру және МЖС жобаларында әйел-лидерлердің рөлін нығайту бойынша елдегі қазіргі бағыттар туралы айтып өтті.
Қазақстанның форумға қатысуы халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға, МЖС саласындағы үздік тәжірибелерді енгізуге және елдің экономикасына ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.



