2023 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік (ИЖҰА) «Мода және текстиль ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірге Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерін Салық кодексіне енгізілген барлық өзгерістермен, тігін өнеркәсібі үшін Салық кодексінде қарастырылған преференциялармен, атап айтқанда тігіншілер үшін, құжаттарды дұрыс рәсімдеу және салық есептерін дұрыс тапсыру туралы таныстыру.
Семинарға Қазақстан Республикасының тігін өнеркәсібі өкілдері, «Мода және текстиль ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері қатысты.
Заңнамалық өзгерістер бойынша жеңіл өнеркәсіп өкілдерінің сұрақтарына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі төрағасының орынбасары Қыдыргычев Исламбек Намызбекович жауап берді.

