Бүгін, 14-сәуірде, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров Samsung C&T компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Samsung C&T компаниясының ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы алдыңғы халықаралық компаниялардың бірі ретіндегі қызметін талқылады. Ерекше көңіл компанияның қатысуымен Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту мүмкіндіктеріне, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына бұрылды.
«Қазақстан Республикасы инвестициялық жағымды және тұрақты ортаны құру бойынша жүйелі саясат жүргізіп келеді. Біз ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда елеулі тәжірибесі бар Samsung C&T сияқты халықаралық компаниялармен стратегиялық серіктестікке ашықпыз. Бірлескен іс-әрекеттер қосымша инвестицияларды тартуға ғана емес, сондай-ақ өзара пайдалы жобаларды іске асыруға жағдай жасайды деп сенемін»
— Равшанбек Сабиров
Ұлттық агенттіктің басшысы Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалын, инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ стратегиялық инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жеке серіктестік аясындағы бастамаларды таныстырды.
Өз кезегінде Samsung C&T компаниясының өкілдері Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеуге және мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларына қатысуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ олар ынтымақтастықты кеңейту үшін жоғары потенциал бар екенін атап өтті.
Кездесудің нәтижесінде тараптар Samsung C&T компаниясының қатысуымен өзара әрекеттесуді жалғастыру ниетін білдірді.

