Skip to main content
Тікелей
«Оңтүстік Кореяның медициналық саласының өкілдерімен кездесу»
2021 ж. 1 желтоқсан, 11:021 мин оқу2

«Оңтүстік Кореяның медициналық саласының өкілдерімен кездесу»

2021 жылдың 1 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның медициналық саласының өкілдерімен, Сеул клиникалық лабораториясының (SLC Healthcare) төрағасы Ли Кюнг Рюлдың жетекшілігімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақс

Пресс қызметі invest.gov.kg
Ресми көз

2021 жылдың 1 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның медициналық саласының өкілдерімен, Сеул клиникалық лабораториясының (SLC Healthcare) төрағасы Ли Кюнг Рюлдың жетекшілігімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.А. Кемелова да қатысты.

Кездесудің мақсаты Сеул клиникалық лабораториясының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа қатысты ниеттерін анықтау және одан әрі өзара әрекеттесу жолдарын талқылау болды.

Кездесу барысында Ли Кюнг Рюл Сеул клиникалық лабораториясы ауруханаларда жаңа жабдықтарды жаңарту және орнатуға көмектесетінін, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту шараларын өткізетінін атап өтті.

Өз кезегінде, вице-министр медициналық саладағы перспективалық жобалар, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша бірлескен жобаларды іске асыру туралы айтты, және жақын арада осы салада қосымша перспективалық жобалар пакеті жіберілетінін мәлімдеді.

Ақпарат ретінде: Сеул клиникалық лабораториясы 1983 жылдан бері жұмыс істейді.

Бөлісу: