«Қазақстан үшін мұндай жобаны іске асыру отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту, өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту және ішкі нарықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін арттыру үшін практикалық маңызға ие. Біз жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған жобаларға инвестиция тартуға қызығушылық танытамыз»
— Ұлттық агенттіктің басшысы Равшанбек Сабиров
Ұсынылған концепцияға сәйкес, жобаны іске асыру Қазақстанның дәрі-дәрмекпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін 4%-дан 25–30%-ға дейін арттыруға, болжам бойынша 2 500–3 000 тікелей жұмыс орнын және 10 мыңнан астам жанама жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жоба фармацевтикалық өндірісті дамытуға және өнімді Орталық Азия елдерінің және ЕАЭБ-дің нарықтарына экспорттауды кеңейтуге бағытталады.
Меморандумға қол қою фармацевтика саласын дамытуға, инвестиция тартуға, жаңа өндірістік қуаттарды құруға және Қазақстан Республикасының ішкі нарығын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.







