Қытайдың Сямынь қаласында өтіп жатқан 26-Қытай халықаралық инвестициялар және сауда жәрмеңкесінің (CIFIT) аясында Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Инвестициялар бойынша ұлттық агенттіктің басшысының орынбасары Мээримбек Койчуманов Қытайдың ірі компанияларының және қаржы институттарының жетекшілері, сондай-ақ шетелдердің мемлекеттік және инвестициялық құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Маңызды кездесулердің бірі Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің президенті Ван Чуньинмен өтті. Тараптар Қазақстандағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және қолдау мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ Chengtun Mining компаниясының жетекшілігімен кездесуде компанияның инвестициялық бастамаларын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды.
Мындан басқа, Мээримбек Койчуманов China Investment Corporation (CIC), Sinosure, Chinalco, Xiamen IPORT Group, Hithium, CATL, C&D, China Energy Engineering Group (CEEC), CSCEC және басқа ірі компаниялардың өкілдерімен сөйлесті. Шетелдік серіктестерге Қазақстанның энергетика, өнеркәсіп, тау-кен саласы, инфрақұрылым, логистика және заманауи технологиялар салаларындағы инвестициялық жобалары таныстырылды.
G2G форматында CIFIT-ке қатысқан Финляндия, Иран, Сауд Аравиясы және басқа елдердің өкілдерімен де кездесулер өтті. Онда мемлекетаралық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту бойынша тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Қазақстанның CIFIT-2026-ға қатысуы халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа серіктестерді тартуға және нақты жобаларды ілгерілетуге мүмкіндік туғызуда.





