Skip to main content
Тікелей
NWT Group компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

2026 ж. 8 сәуір, 16:591 мин оқу0

NWT Group компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Бүгін, 8 сәуірде, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Ұлттық инвестициялар агенттігінің басшысы Равшанбек Сабиров халықаралық өнеркәсіп холдингі NWT Group компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін, 8 сәуірде, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты Ұлттық инвестициялар агенттігінің басшысы Равшанбек Сабиров халықаралық өнеркәсіп холдингі NWT Group компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар энергетика және өнеркәсіп инфрақұрылымы саласында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Компанияның өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат, бизнес жүргізудің қазіргі шарттары, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудың басым бағыттары туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асырудың келешегі, заманауи жылыжай кешендерін салу және тұрақты энергетикалық инфрақұрылымның маңызды элементі ретінде биогаз станцияларын дамыту мәселелері көтерілді.

Тараптар компанияның халықаралық тәжірибесін, оның ішінде Еуропа елдерінде іске асырылған жобаларды және шетелдік нарықтардағы қызметін талқылады.

Бөлісу: